Луценко UCI рейтингісінде жеті саты жоғарылады
Велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) рейтингісіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 тамыз күні жерлесіміз «Норвегияның Арктикалық жарысы» көпкүндік турнирінде топ жарған еді. Осы жетістігінің арқасында Алексей жаңартылған рейтингте 22-ші орыннан 15-ші сатыға көтерілді.
Сондай ақ, ұлттар арасындағы рейтингте Қазақстан 18-ші орынды иемденіп тұр. Өткен рейтингте құрамамыз тізімде 21-ші болып тұрған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или