Велоспорт

Қазақстандық шабандоз Норвегияда қарсыластарын шаң қаптырды

Қазақстандық шабандоз Норвегияда қарсыластарын шаң қаптырды
news-banner7
mobile-news-top

«Норвегияның Арктикалық жарысы» көпкүндік турнирінің соңғы төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бағыты Ледингеден Нарвикке дейін созылды. Қашықтық 165,5 шақырымды құрады.

Uno-X Norwegian Development Team командасының норвегиялық велошабандозы Маркус Хелгаард бұл кезеңде мәре сызығын бірінші болып кесті. Джумбо-Висма командасының өкілі Амунд Грендаль Янсен екінші орынды жеңіп алды. Үздік үштікке Алексей Луценко (Astana Pro Team) енді.

Жалпы жіктеуде Луценко, бұл кезеңде алдыңғы қатардан көріне алмаған Варран Баргиді бір секундқа басып озып, жарыстың үздігі атанды.

«Норвегияның арктикалық жарысы». Төртінші кезең
Лодинген - Нарвик. 165,5 шақырым

1. Маркус Хоэлгор (Норвегия, Uno-X Norwegian Development Team) - 3:35:32
2. Амунд Грондал Янсен (Норвегия, Джумбо-Висма)
3. Алексей Луценко (Қазақстан, Astana Pro Team) - +0: 03

Жалпы жіктеу:

1. Алексей Луценко (Қазақстан, Astana Pro Team) - 14:59:27
2. Варран Барги (Франция, Аркеа Самсич) - +0: 01
3. Кристес Ниландс (Латвия, «Израиль велоспорт академиясы») - +0: 19.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер