Оспанов пен Исмағұлов жекпе-жектеріне бірге дайындалуда
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталы Арман Оспанов пен этникалық қазақ Дамир Исмағұлов кезекті жекпе-жектеріне бірге дайындалуда.
31 тамыз күні Қытайдың Шеньжень қаласында өтетін UFC Fight Night 157 турнирінде сынға түсетін M-1 Global ұйымының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Дамир Исмағұлов пен Арман «Сұңқар» Оспанов кезекті жекпе-жектеріне бірге дайындалып, Тайландта оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Қос спортшы Тайландтағы «Тайгер муайтай» залында өзге UFC спортшыларымен бірге дайындалуда.

Айта кетейік, Дамир UFC Fight Night 157 турнирінде бразилиялық спортшы Тиаго Мойзеске (12-3) қарсы жұдырықтасса, Арман Оспанов АСА 99 турнирінде Алексей Полпудниоковқа қарсы үшінші рет жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или