ММА

МакГрегор өзін миллиардер санайды

МакГрегор өзін миллиардер санайды
news-banner7
mobile-news-top

Ирландиялық ережесіз жекпе-жек шебері Конор МакГрегор өзін миллиардер санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Король Мандинго. Бұрын мен миллиардерлер үшін төбелесетін едім. Ал қазір өзім де солардың біріне айналдым», - деп жазды ММА жұлдызы.

Айта кетейік, Forbes журналы жариялаған әлемдегі ең көп сыйақы алатын спортшылар тізімінде МакГрегор 65-орынға жайғасқан. Ол Хабибпен жекпе-жектен шамамен 30 миллион доллар тапты. Ал Reebok-пен келісімшарт 5 миллионға жуық пайда әкелді. Жалпы есептегенде, 2018 жылы ирландиялық 47 миллион доллар табыс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер