PROспорт-блог
Әлем футболы

Еуропа лигасы: Төрешіге жарылғыш снаряд тиді

Еуропа лигасы: Төрешіге жарылғыш снаряд тиді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойыны аясында өткен румыниялық «Крайов» пен венгриялық «Гонвед» клубтары арасындағы кездесуде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесудің 30-минутында ойыншылар арасында жаппай төбелес басталды. Осы мезетте жанкүйерлер алаңға снаряд лақтырып, жарылғыш зат ирландиялық арбитр Арнольд Хантердің жанына түседі.

Жарылыстың салдарынан құлағы шыңылдаған төреші басын ұстап, жерге құлай кетеді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол жарты сағат бойы есін жия алмаған.

Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер