Бокс

«Канело» чемпиондық белбеуінен айырылды

«Канело» чемпиондық белбеуінен айырылды
news-banner7
mobile-news-top

The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер мексикалық Сауль Альварес пен украиналық Сергей Деревянченко IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу туралы бір шешімге келе алмағанын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Деревянченко орта дивизионда IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер боп саналады және Канелоның оны украиналықпен жекпе-жекте қорғауы тиіс еді.

Алайда, екі тарап ақша мәселесі бойынша біржақты шешімге келісе алмаған.

Енді бос атақ үшін Деревянченко Геннадий Головкинмен тартысқа түседі деп күтілуде.

Естеріңізде болса, 2018 жылы Головкин міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездеспегені үшін IBF белбеуінен айырылған болатын.

Фото: badlefthook.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер