Әлем футболы

Антуан Гризманн - «Барселона» ойыншысы

Антуан Гризманн - «Барселона» ойыншысы
news-banner7
mobile-news-top

Франциялық шабуылшы Антуан Гризманн «Барселона» сапына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы каталониялық клубтың ресми сайтында жарияланды.

28 жастағы футболшының «Барселонаға» ауысатыны жайлы көптен бері айтылып жүрген. Өткен маусым аяқтала сала мадридтік «Атлетико» сапынан кететінін мәлімдеген француз үшін «Барселона» 120 миллион еуро төледі.

Айта кетейік, Гризманн «Атлетикоға» 2014 жылы аусып келген. Содан бері ол мадридтік команданың үздік ойыншыларының бірі болды.

Өткен маусымда ол 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер