ЧФР қақпашысы: Қазақстандық командалардың деңгейі өте жоғары

ЧФР қақпашысы: Қазақстандық командалардың деңгейі өте жоғары
news-banner7
mobile-news-top
УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» - ЧФР Клуж арасындағы кездесу алдында румыниялық команда қақпашысы Гедрюс Арлаускистің қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Біз стадионға келер алдында қарсылас команданың бірнеше ойынын көріп, арнайы талдау жасадық. Менің ойымша, қарсыластың деңгейі өте жоғары, мықты команда. Бізге ертең оңай болмасы анық. Біз қазақстандық командалармен осыған дейін бірнеше рет жолдастық кездесу өткізгенбіз.
Одан бөлек, мен «Стяуа» сапында бес жыл «Ақтөбеге» қарсы ойнаған едім. Осы тәжірибемнен алатын болсам, барлық қазақстандық командалардың деңгейі өте жоғары, мықты ұжымдар. Сондықтан, бізді өте қиын ойын күтіп тұр, - дейді ЧФР қақпашысы Гедрюс Арлаускис.
Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер