Белгісіз біреулер «Ливерпуль» шабуылшысының үйін тонап, итін ұрлап кетті

Белгісіз біреулер «Ливерпуль» шабуылшысының үйін тонап, итін ұрлап кетті

<span> </span>«Ливерпуль» шабуылшысы Дэниэл Старридждің үйін белгісіз біреулер тонап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

29 жастағы футболшы бәрінен бұрын итінің ұрланып кеткеніне қапалы. 

<span>«Лос-Анджелостағы үйіме белгісіз біреулер кіріп, итімді ұрлап кетті. Егер біреу-міреу білер болса, айтыңыздаршы. Итім үшін кез келген соманы төлеуге дайынмын</span><span>», — деді Старридж өзінің Инстаграм-парақшасында.</span>

<span>Старридж «Ливерпуль» сапына «Челсиден» 2013 жылы ауысып келген болатын. Қызылдар үшін 160 матчқа қатысып, 67 гол соқты. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или