Кукушкин ATP рейтингіндегі жағдайын жақсартты

Кукушкин ATP рейтингіндегі жағдайын жақсартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған тізімде қазақстандық теннисшілер өз орындарын жақсартты.

Еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин төрт сатыға жоғарылап, 47-ші орынға жайғасты. Александр Бублик 91-ші орыннан 85-ші орынға көтерілсе, Денис Евсеев екі орынға жоғарылап 306-шы орында тұр.

Александр Недовесов (194) және Дмитрий Попко (352) рейтингте төмендеді. Үздіктер тізімін сербиялық Новак Джокович бастап тұр. Екінші орында Рафаэль Надаль. Ал швейцариялық Роджер Федерер үздік үштікті қорытындылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или