«Ертісті» Равиль Сабитов баптауы мүмкін

«Ертісті» Равиль Сабитов баптауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының басшылары команданың бас бапкері қызметіне бірнеше кандидатты қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың арасында 2010 жылы «Тобылды» бастап ел чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Равиль Сабитов та бар. Одан бөлек, Владимир Никитенко, Душан Угрин, Славолюб Муслин, Сергей Гуренко қатарлы мамандардың есімі аталып отыр.

Клуб басшылары жаңа бапкермен осы маусымның соңына дейін жарамды келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр. Бапкерге қойылар басты тапсырма - турнирлік кестеде еурокубоктарға қатысуға мүмкіндік беретін сатыға қол жеткізу. Егер осы тапсырма орындалса келісімшарт автоматты түрде ұзартылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер