Жас теннисшілеріміз Азия чемпионатында топ жарды
Ташкентте теннистен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті.
<span>Қыздар арасындағы жекелей сында Сандуғаш Кенжебаева чемпион атанды. Турнир барысында бірде-бір рет жеңілмеген ол финалда Үндістан спортшысын 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Ұлдар арасындағы бәсекеде тағы бір спортшымыз топ жарды. Макс Батютенко ақтық сында турнирдің екінші ракеткасы, тайландық теннисшіні 6:4, 6:1 есебімен жеңді. </span>
<span>Құрлық чемпионатында көзге түскен Кенжебаева мен Батютенко жазда Еуропада өтетін жоғары санатты турнирлерге қатысу мүмкіндігін алды. Олардың барлық шығынын Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өз мойнына алмақ.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или