Волейбол

Азия чемпионатын қазақстандықтар сәтті бастады

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Мао-Мин қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Топтық сында қазақстандық волейболшылар жеңіліссіз келеді.

Жарыстың алғашқы күнінде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы сингапурлық қарсыластарын 2:0 (21:11, 21:10) есебімен жеңді.

Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы Гонконг командасынан 2:0 (21:19, 21:11) есебімен басым түсті.

Әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңімпаз атанды.

Олар алғашқы кездесуде тайландтық қарсыластарын 2:0 есебімен жеңсе, кейін Жапониямен өткен тартысты кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер