Баскетбол

Бірыңғай ВТБ лигасының плей-офф ойындарының кестесі

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубының Бірыңғай ВТБ лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. Жарыстың ширек финалында біздің команда «Химки» клубымен кездеседі.

Қос қарсылас арасындағы ойындар мамырдың 5-де басталады. Плей-оффтағы барлық сериялар үш жеңіске дейін болады. «Астана» баскетбол клубы алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізеді. Ойындардың толық кестесін ұсынамыз.

1-ші ойын - 5 мамыр, 19:00 (Нұр-Сұлтан уақыты), Химки қаласында;

2-ші ойын - 7 мамыр, 23:00, Химки қаласында;

3-ші ойын - 10 мамыр, 19:30, Нұр-Сұлтан қаласында

Алғашқы үш ойында келесі айналымға шыққан команда анықталмаса, қосымша тағы екі кездесу өткізілуі мүмкін. 12 мамырда Нұр-Сұлтанда, 15 мамырда Химики қаласында матчтар өтпек.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер