Юрий Мельников: Біздің құрлықтан көптеген талантты атлеттер өсіп шығады

Юрий Мельников: Біздің құрлықтан көптеген талантты атлеттер өсіп шығады

Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников Қытайда өткен Азия чемпионаты жайлы өз ойын білдірді. 

- Жоғарғы орындарға талас өте тартысты өтті. Таңғалудың керегі жоқ, себебі Азиядан мықты ауыр атлеттер түлеп шығады. Жігіттеріміз сәтті өнер көрсетті деп айта аламын. Денис Улановты атап өткім келеді. Жарақатынан кейін қатарға қайта оралып, қола жүлдеге қол жеткізе білді. Әлем чемпионатында алтынға таласады деген үміт басым - деді Мельников. 

Еске сала кетсек, спортшыларымыз зілтемір көтеруден Азия біріншілігінде үш қола медальды қанжығаға байлаған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или