«Каспий» - қыздар арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

«Каспий» - қыздар арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

Баскетболдан қыздар командалары арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші орын үшін өткен финалдық серияның шешуші матчында ақтаулық «Каспий» Павлодардың «Ертісін» 91:69 есебімен жеңді. Осылайша, сериядағы есеп Маңғыстау облысының баскетболшылары пайдасына 2:1 болды, олар ұлттық чемпионаттың қола медалін жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатында  «Астана Тайгерс» командасы топ жарды. Олар финалда өздерінің жастар командасын жеңді.

«Ертіс» (Павлодар) – «Каспий» (Ақтау) 69:91 (22:16, 10:24, 25:22, 12:29)

 

Сериядағы есеп:<span> </span><span>1:2.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или