Қазақстан тумасы ауыр атлетикадан Аустралиядағы турнирде топ жарды

Қазақстан тумасы ауыр атлетикадан Аустралиядағы турнирде топ жарды

Қазақстан тумасы Олег Чен ауыр атлетикадан Аустралияда өткен халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

73 кг дейін салмақта сынға түскен жерлесіміз 305 келіні (жұлқа көтеруден -145 кг, серпе көтеруден - 160) бағындырды.

Екінші орынды румыниялық Даниэль Флорин Визити (299 кг) иеленді, үздік үштікті аустралиялық Брэндон Уэйклинг (287 кг) түйіндеді.

Олег Чен Үштөбе қаласында дүниеге келіп, 13 жасында Ресейге көшіп кеткен болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или