Илья Ильин Азия чемпионатында жүлдесіз қалды
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Азия чемпионатында медальсіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Илья кезекті құрлық біріншілігінде 96 келі салмақ санатында өнер көрсетті. Қос жаттығудың қорытындысы бойынша 345 (160+185) келіні көтерді.
Осылайша, ол бесінші орынды місе тұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или