Арли Чонтей — Азия чемпионатының қола жүлдегері

Арли Чонтей — Азия чемпионатының қола жүлдегері

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы жүлде Қазақстан құрамасы қоржынына түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ауыр атлет Арли Чонтей қола жүлдегер атанды.

55 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы серпе көтеруде - 113, жұлқуда - 133 келіні бағындырды. Нәтижесінде қоссайыстың қорытындысында 246 келіні бағындырды.

Айта кетерлігі, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 18-28 сәуір аралығында өтеді. Құрлықтық дода 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнир саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или