Волейбол

«ТНК Казхром» Азия чемпионатын жеңіспен бастады

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 18 сәуірде Тайпейде ерлер командалары арасында волейболдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге 16 елдің командалары қатысады, олардың қатарында қазақстандық «ТНК «Казхром» командасы да бар.

Қазақстандық команда С тобында өнер көрсетеді. Онда олар Таиланд, Катар және Үндістан елдерінің командаларына қарсы ойнайды.

«ТНК «Казхром» чемпионаттағы алғашқы ойынын Үндістаннан келген командаға қарсы өткізді. Кездесу біздің волейболшыларымыздың пайдасына 3:0 есебімен аяқталды (25:21, 25:20, 25:17).

Осылайша, «ТНК «Казхром» турнирді жеңіспен басталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер