Волейбол

Сәбина Алтынбекова: Жігіттің мұсылман болғанына қатты мән беремін

news-banner7
mobile-news-top

2014 жылы Қытайдағы жарыста өнер көрсетіп, бір күнде жұлдызға айналған қазақстандық ару Сәбина Алтынбекова өзіне қандай жігіттер ұнайтынын ашып айтты. 23 жастағы бойжеткен Бейбіт Әлібековтің Youtube жобасында жан сырымен бөлісті, деп жазды Nur.kz.

Сәбина Алтынбекованың айтуынша, оған екі рет тұрмысқа шығуға ұсыныс та жасалған.

«Әдетте олар нөмірімді сұрайды. Мен бермесем, онда әкеме барғысы келеді. Сосын менің әкемнің нөмірін іздей бастайды. Әкеме хабарласуға кеңес бермес едім», - дейді спортшы қыз.

Сәбина Алтынбекова жігіттерге қатаң талап қоятынын да мәлім еткен.

«Мен бір сұхбатымда нақты қазақ жігіті деп айтпадым. Бірақ жігіттің мұсылман болғанына қатты мән беремін.

Бірақ сол кезде менің сұхбатымды бұрмалаған. Мен қатаң талап қоятын адамдар қатарынанмын. Уақытымды бекерге өлтіргім келмейді.

Бірақ ұсыныс жасағандардың бірі ата-анама ұнап жатса, мен олардың шешімімен келісемін», - дейді Сәбина Алтынбекова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер