Волейбол

Шығыстың «Алтайы» ел чемпионы атанды

Шығыстың «Алтайы» ел чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғанда қыздар арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтық додада «Жетісу» командасымен үш күн бойы айқасқан «Алтай» ел чемпионы атанды.

Бірінші кездесуде «Жетісу» командасы 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші күні «Алтай» командасы дәл осындай есеппен есе қайтарды. Екі күн нәтижесімен екі топ тең түскендіктен шешуші үшінші кездесу өткізді. Өскеменнің қыздары тартысты бәсекеде шебер ойын көрсетіп, жетісулықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша Шығыстың «Алтайы» үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Жалпы чемпионаттың финалдық плей-офф ойындарына төрт команда шыққан болатын. Олар Шығыс Қазақстан облысының «Алтай», «Алтай-2» командалары, Павлодар облысының «Ертіс Казхром» мен Алматы облысының «Жетісу» командалары.

Чемпионат қортындысы бойынша «Алтай» - бірінші, «Жетісу» - екінші орынға, ал «Ертіс Казхром» «Алтай-2» командасын жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер