Шавкат Рахмонов: Қарсыласты жоқ қылу жәй ғана жұмысымыз екенін түсінеміз

Шавкат Рахмонов: Қарсыласты жоқ қылу жәй ғана жұмысымыз екенін түсінеміз

Ережесіз жекпе-жек шебері, қазақстандық Шавкат Рахмонов рингтегі қарсыластарымен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Біз кәсіпқой спортшылармыз, рингте қарсыласпыз, мақсатымыз қарсыласты жоқ қылу болса да, мұның жәй ғана жұмыс екенін бәрі де түсінеді. Егер қарсыласым маған күлімдеп, жақсы қарым-қатынас көрсетсе, мен де оған күлімдеп, қолын алып, «Жағдайың қалай? Отбасың қалай?» деп сұраймын. Жекпе-жекке дейін де, кейін де солай. Мұнда маңыздысы – құрмет. Рингтен тыс кезде біз қарапайым адамдармыз», - деді қазақстандық спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или