Нейт Диас: Хабиб пен Конор менен қорқады

Нейт Диас: Хабиб пен Конор менен қорқады

Америкалық файтер Нейт Диас UFC жұлдыздары Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедовтен мықты екенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Хабиб тығылып жүр. Ол менен қорқады, себебі мен оның жанын шығардым. Конорды екі рет «айырып» тастадым. Қайдасың, Хабиб? Порье – қыз», – деп жазды Диас өзінің твиттерінде.

2015 жылы Лас-Вегастағы турнирде Диас пен Хабиб трибунада отырып жанжалдасып қалған болатын.

Кеше Макгрегор UFC-ден кететінін хабарлаған болатын.

Ал Нурмагомедовтың командасы Нейт Диаспен жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или