Лас-Вегаста тағы екі зілтеміршіміз алтын медаль алды
Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан<span> </span>жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі спортшымыз алтын медаль алды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
81 келіге дейінгі салмақ санатында сынға түскен Ольга Пастухова 215 келіні (92+123 келі) бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.
Ал 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рахат Бекболат 323 келі (144+179 келі) зілтемірді басынан асыра көтеріп, қарсыластарының бәрінен басым болды.
Осылайша, әлем чемпионатына қатысқан бес спортшымыз да жеңімпаз болып оралды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или