«Астана» УНИКС-ті соңғы төрт жылда алғаш рет ұтты
«Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасының тұрақты чемпионатында УНИКС-тен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазанда өткен матчта елордалық клуб 98:95 (21:22, 25:25, 26:20, 26:28) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Астана» УНИКС-ті 2015 жылдың наурызынан бері алғаш рет ұтып отыр.
Енді турнирдің келесі матчында астаналық клуб сырт алаңда эстониялық «Калевке» қарсы өткізеді. Матч 11 наурызға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или