Олимпиада іріктеуіне қатысатын ауыр атлеттеріміз белгілі

Олимпиада іріктеуіне қатысатын ауыр атлеттеріміз белгілі

Бүгін, яғни 7 ақпан күні Таиланд елінде ауыр атлетикадан халықаралық жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын бес спортшымыз қорғайды. Атап айтқанда, Ибрагим Берсанов (-109 келі), Нұрлыбек Саменов (-81<span> </span>келі), Селимхан Абубакаров (+109<span> </span>келі), Әлихан Шайхидинов (-102<span> </span>келі) және  Лидия Ануфриева (-59 кг).

2020 жылғы олимпиада ойындарының іріктеуі болып саналатын бұл турнирге ұлттық құраманың көшбасшылары бармайды. Мұндай шешімді бапкерлер құрамы қабылдаған. Олар Азия чемпионатына дайындығын жалғастырады.

Айта кетейік, Таи елінде өтетін дүбірлі додада 24 елдің спортшылары бақ сынайды. Жарыс 10 ақпанға дейін жалғаспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или