ММА

Бейдер Емельяненконы ауыр нокаутқа түсірді. Видео

Бейдер Емельяненконы ауыр нокаутқа түсірді. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Калифорния штаты, Инглвуд қаласында Bellator 214 турнирі мәресіне жетті. Кештің басты жекпе-жегінде Райан Бейдер мен Федор Емельяненко күш сынасқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің 35-секундында Бейдер ресейлікті ауыр нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осылайша, америкалық спортшы ауыр салмақта Гран-При жеңімпазы атанып, чемпиондық белбеуді иеленді. Бұған дейін Бейдер жартылай ауыр салмақта чемпион атанған болатын.

Бұл Райанның 27-ші жеңісі, ол қатарынан жеті жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Ал Емельяненко өз мансабында 6-шы рет ұтылды.

Prosports.kz назарларыңызға жекпе-жектің видеосын ұсынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер