Әлем футболы

Орасио Сала жоғалған ұлының табылатынына сенімді

Орасио Сала жоғалған ұлының табылатынына сенімді
news-banner7
mobile-news-top

Эмилиано Саланың әкесі Орасио Сала жақсы хабардан үмітті, деп хабарлайды Prosports.kz «СЭ»порталына сілтеме жасап.

- Мен сене алмай отырмын. Әрі қарай не болатынын білмеймін, - дейді Орасио Сала Get French Football News порталына берген сұқбатында - Жақсы жаңалықтан үміттімін. Біз үшін, ол үшін де «Кардиффке» ауысқаны үлкен қадам болды.

Эмилиано Сала Францияның «Нант» командасынан «Кардифф Ситиге» ауысқан жаңа командасына барар жолда іс-түзсіз жоғалып кетті.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, футболшы 21 қаңтар күні жергілікті уақыт сағат 21:00-де Уэльске келуі керек болатын. Алайда, болжанған уақыттан бір сағат бұрын ұшақ радардан жоғалып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ. Оны іздеу үшін екі тікұшақ пен бірнеше іздеу кемелері жіберілді.

Шабуылшы «Нант» сапында бірге өнер көрсеткен әріптестерімен қоштасып, жеке ұшағына отырып Уэльске бет алған екен. Ұшақта екі адам ғана болған. Сала және ұшқыш.

Айта кетейік, «Кардифф Сити» € 20,5 млн қаржы жұмсап Саланы сатып алған болатын. Бұл клуб үшін рекордтық көрсеткіш.

28 жастағы футболшы өткен маусымда Франция біріншілігінде 19 матчына қатысып, 12 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер