Илья Ильин жаңа жылды қайда және кіммен қарсы алатынын айтты
Илья Ильин Дохада өткен Катар кубогынан елге оралды. Қазіргі таңда Қарағандыға келген спортшы қаладағы қайырымдылық шараға қатысып үлгерген. Жаңа жыл қарсаңында игі іс істеп жүрген ауыр атлет 2019-ды кіммен және қайда қарсы алатынын айтты. Бұл туралы Nur.kz жазды.
Ильиннің айтуынша, ол мерекені өз жақындарымен өткізбек.
«Қазір ойланып жатырмын. Қызым болса Павлодарда. Оны бір жарым ай көрмедім. Ал жаңа жылды болса, әрине ата-анаммен қарсы аламын. Мереке күні үйде, дастархан үстінде отырып тойлаймыз» , - деді спортшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или