Илья Ильиннің жарысқа не үшін шықпағаны белгілі болды
Дохада Халықаралық Катар кубогының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бұл турнир өз кезегінде 2020 жылы болатын Олимпиада ойындарына іріктеудің басы болып саналады.
Қазақстандық танымал зілтемірші Илья Ильин жарақатына байланысты турнирге қатыса алмаған. Бапкерлер оның жарысқа шығуына қарсы болған.
«Біз Ильяның жарақатын ушықтырып алғымыз келмейді. Емделіп, қалпына келу процесстерінің бәрінен өткеніне қарамастан, оның омыртқасындағы жарақат қайта сыр берді. Нәтиже үшін оны шығаруға болатын еді, бірақ омыртқаға зиян келуі әбден мүмкін. Сондықтан, бапкерлер штабы оны жарысқа шығармауға шешім қабылдады», - деді Юрий Мельников.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или