Илья Ильин Катар кубогына соңғы сәтте қатыспай қойды
Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин ауыр атлетикадан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына лицензия берілетін турнирге қатыспай қалды.
Ол 109 келіге дейінгі салмақта сынға түсуі керек болған. Ильин 12 қатысушының ішінде ең жоғарғы салмаққа тапсырыс берген еді, алайда жарыс жолына шықпай қойды. Спортшының соңғы сәтте турнирге қатысудан неге бас тартқаны белгісіз.
Айта кетейік, 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарындағы сынамаларда Илья Ильиннің қанынан допинг табылып, ол жеңіп алған алтын медальдарын қайтарып берген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или