Titan FC 51: Қазбек Әшімов те жеңілді
Алматыда өтіп жатқан «Titan FC 51» Халықаралық турнирінде жеңіл салмақта (56 келі) бақ сынайтын Қазбек Әшімов (13-3) колумбиялық Хуан Пуэртадан (15-6) жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Отандасымыз қарсыласының қылқындыру әдісіне қарсы қайрат көрсете алмады.
Осылайша Колумбия спортшысы жеңіл салмақта (56 келі) уақытша чемпион белдігіне қол жеткізді.