Надежда Лихачева антидопинг ережесін бұзды
Қазақстан құрамасы сапында жарыстарға қатысуға мүмкіндік алған ресейлік ауыр атлет Надежда Лихачева антидопинг ережесін бұзған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясына Ұлттық антидопинг орталығынан ауыр атлет Надежда Лихачеваның қан сынамасына байланысты тыйым салынған дәрі-дәрмек қолданғаны жайлы ақпарат келіп түсті.

Спортшы алдағы жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетіледі. Атлет сараптама жайлы өз нұсқасын айтып, тағы да сынама тапсырмақ.

Зерттеу нәтижесі бойынша федерация мен тиісті органдар спортшыға қатысты шешімді шығаратын болады.

Естеріңізге сла кетейік, Лихачева биыл Ашхабадта өткен әлем чемпионатында 71 кг салмақта қола медаль еншілеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или