«Астана» америкалық баскетболшыны қатарына қосты
«Астана» баскетбол клубы америкалық қорғаушы Стефан Холтпен 2018/2019 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>27 жастағы баскетболшы бұған дейін Аустралияның «Буллетс» командасында өнер көрсеткен. Кеше ғана дәрігер қарауынан өткен спортшы бүгін жаттығуларға кіріспек.</span>
<span>Айта кетейік, Стефан Польшада «Астананың» қазіргі бас бапкері Эмиль Райковичтің қоластында өнер көрсеткен болатын. Сонда 18 матчта орташа 9,3 ұпай, 2,2 доп алу және 1,7 нәтижелі пас берген.</span>
<span>Бапкерлер штабы Холттың келуі Энтони Клеммонстың жүгін жеңілдетіп, ротация мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сеніп отыр. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или