Баскетболшылар жартылай финалға шықты

Баскетболшылар жартылай финалға шықты

Баскетболдан Қазақстан қыздар құрамасы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ширек финалда Иран құрамасымен кездескен қазақстандықтар 71:56 есебімен жеңіске жетті. 

Иран құрамасы өз тобында екінші орын иеленіп, кездесудің фавориті саналған. Алайда, топтық кезеңдегі сәтсіздіктен соң ес жиған Қазақстан командасы қарсыластарынан басым түсті. 

Бүгін біздің құрама финал жолдамасын сарапқа салу үшін Сириямен кездеседі. Естеріңізде болса, топтық кездесудің Қазақстан Сирияға 40:56 есебімен жол берген еді. Енді біздің команданың есе қайтаратын тамаша мүмкіндігі туды. 

Жартылай финалдағы келесі жұп – Гонконг пен Үндістан құрамалары.

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или