«Ильин 2019 жылғы Азия чемпионатына дейін дайын болады»
Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Юрий Мельников Илья Ильиннің 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
<span>Еске сала кетейік, мұның алдында Илья Ильин Түрікменстанда әлем қатыспайтынын айтты. </span>
<span>«Қазақстан халқына қалай айтам деп ұзақ ойландым, әлем чемпионатына қатыса алмаймын. Омыртқамда жарақат табылды таяуда. Бірақ көңілім түспейді, бәрі дұрыс. Ашхабадқа бапкер ретінде барамын. (...)", - деген Ильин. </span>
<span>«Иә, өкінішке қарай, солай. Ильиннің ескі жарақаты қайта мазалап жатыр. Жақында спортшы білікті мамандардың көмегіне жүгінеді. 2019 жылдың сәуірінде өтетін Азия чемпионатына дейін дайын болады деп сенеміз», - деді бапкер.</span>