Илья Ильин спортпен қоштаса ма: Бас бапкердің жауабы

Илья Ильин спортпен қоштаса ма: Бас бапкердің жауабы

Жарақатына байланысты Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатыса алмаған қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин үлкен спортпен қоштаса ма? ҚазАқпарат тілшісінің осы сұрағына ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников жауап берді.

<span>«Иә, расымен де, Илья Ильин бұл стартқа - 2018 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды. Оның ескі жарақаты сыр берді, сондықтан оған қандай да бір ауыр жүктемелерге тыйым салынған. Соған қарамастан, спортшы командамызды қолдау үшін Ашхабадқа келді», - деді Юрий Мельников.</span>

<span>Бас бапкердің айтуынша, Илья Ильин олимпиадалық лицензия үшін алдағы уақытта да сынға түсе алады. Мәселен, келесі жылдың сәуір айында Азия чемпионаты өтеді. «Ол жарысқа Илья да қатыса алады», - дейді Юрий Мельников.</span>

<span>Айта кетсек, бұқаралық ақпарат құралдары ауыр атлет Илья Ильиннің Түрікменстан астанасында өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтынын жазған еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или