Илья Ильиннің мансабы қыл үстінде

Илья Ильиннің мансабы қыл үстінде

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Ашхабадта өтетін әлем чемпионатында сайысқа түспейді. Ол жарақатына байланысты спорттық мансабын да аяқтауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қазақстанның төрт дүркін чемпионы омыртқасында жарақаты бар екенін және Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатыпайтынын мәлімдеді. Жарақат 2016 жылы пайда болған. 8 ай бұрын дәрігерлер омыртқа арасындағы жарықтарды байқаған екен.

Ильяның айтуынша, егер дәрігерлер рұқсат берсе, ол 2019 жылғы Азия чемпионатына дайындалмақ. Егер рұқсат берілмесе, спорттағы мансабын біржола аяқтамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или