Ауыр атлеттерді жарыстан шеттету мерзімі осы айда аяқталады
Қазан айының 20-сында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бір жылға созылған жарыстан шеттету мерзімі аяқталады. Осыдан кейін ұлттық құрамадағы ауыр атлеттеріміз бұрынғыдай халықаралық жарыстарға қатыса алады.
<span>«Ауыр атлет Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанлода дисквалификация мерзімі 2 жыл болған еді. Олардың жарысқа қатыса алмайтын мерзімі аяқталып қойғанын білесіздер. Ал ұлттық құрама осыдан бір жыл бұрын бір жылдық дисквалификация алған (допинг дауына байланысты). Осы жылдың 20 қазанынан бастап Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) енгізген бір жылдық дисквалификация жазасы ұлттық құрамамыздан алып тасталады. Өкінішке қарай, ұлттық құрама бір жыл бойы ешқандай халықаралық сайыстарға қатыса алмады. Енді жаза мерзімі аяқталғаннан кейін ауыр атлеттеріміз Ашхабадта өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болды», - деп хабарлады Қазақстан ауыр атлетика федерациясының (ҚААФ) баспасөз қызметінен.</span>
<span>Бір жыл бұрын Қазақстан құрамасымен бірге Ресей, Қытай, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдавия, Түркия, Украина елдерінің ұлттық құрамалары бір жылдық дисквалификация алған болатын.</span>