Балуандарымыз үшін Әлем чемпионатының соңғы күні сәтсіз аяқталды

Балуандарымыз үшін Әлем чемпионатының соңғы күні сәтсіз аяқталды

Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында жекелей сындар бойынша белдесулер аяқталды.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан 3 дзюдошы шықты.

100 келіден жоғары салмақта белдескен балуанымыз Ерасыл Қажыбаев Чили спортшысы Францизко Солисты иппон ұпайымен ұтып, жарысты сәтті бастады. Екінші кездесуінде өзбек балуаны Бекмурод Олтибоевтан иппон ұпайымен жеңіліп, жарысты сәтсіз аяқтады.

Ал 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Исанова бірінші кездесуін пуорториколық Можика Мелиссаға қарсы өткізсе, дәл осы салмақта Камила Берліқаш Елизаветта Каланинаға қарсы күресті. Нәтижесінде, татамиге шыққан қос бұрымды балуанымыз да қарсыластарына есе жіберіп, жарысты бірінші айналымнан аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, Бакуде өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынында қос медаль бар. Галбадрах Отгонцэцэг қола, Ерлан Серікжанов күміс жүлде иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или