Футбол деген бір ғажап!

«Астана» Еуропаға жаңа жорығын бастайды

«Астана» Еуропаға жаңа жорығын бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» футбол клубы биыл төртінші жыл қатарынан Еурокубоктық турнирлердің топтық кезеңінде өнер көрсеткелі отыр.

2015/16 жылғы маусымда қарт құрлықтың бәсі ең биік бәсекесі - Чемпиондар лигасында бақ сынаған елордалықтар, одан кейінгі екі жылда Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп тепті. Өткен маусымда Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алып, қазақ футболына атасында көрмегенді ботасында көрсеткені бар.

Ал биыл үшінші жыл қатарынан Еуропа лигасына жорық жасап көрмек. Іріктеуді Чемпиондар лигасынан бастаған ел чемпиондары іріктеу кезеңінің үшінші айналымында Хорватияның «Динамосына» есе жіберді. Ал Еуропа лигасы ітіктеу кезеңінің плей-офф сатысында кипрлік АПОЭЛ командасын жарыс жолынан шығарды.

Еуропада төрт жыл бойы жиған ұпайларының арқасында «Астана» жеребе тарту барысында екінші себетке орналасты. Екінші себетте болғаны үшін топтағы төрт команданың біреуі ғана өзінен мықты болуы мүмкін еді . Алайда, жеребе бойынша К тобына түскен елордалықтарға бір емес екі азулы қарсылас тап болды. Олар - киевтік «Динамо» мен франциялық «Ренн». Ал бұл екеуінің қасында чехиялық «Яблонец» деңгейі сәл төмен команда саналады.

Енді осы апта біз сөз етіп отырған турнирдің тұсауы кесіледі. «Астана» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын Украина астанасында өткізеді. 20 қыркүйек күні Киев қаласында жергілікті «Динамомен» күш сынасады. Кезінде Кеңес футболының үздігі болған даңықты «Динамоға» қарсы матч тартысқа толы болады деп ойлаймыз. Григорий Бабаян бастаған біздің жігіттер жеңіске жетпесе де, жақсы өнер көрсетіп қайтар деген үміт бар.

Матч 20 қыркүйек Астана уақыты 22:55-те басталады. Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер