Әлем футболы

Лука Модрич - Еуропаның ең үздік футболшысы

Лука Модрич - Еуропаның ең үздік футболшысы
news-banner7
mobile-news-top

Хорватия ұлттық құрамасы мен «Реал Мадрид» командасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич 2017/2018 жылғы футбол маусымындағы Еуропаның ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Футболшы Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тастау кешінде марапатталды.

Бұл атақты төрт жыл қатарынан Месси мен Роналду алып келген еді.

Лука өткен маусымды сәтті өткізді. Чемпиондар лигасын үшінші жыл қатарынан жеңіп алды. Сондай-ақ Хорватия құрамасын бастап Ресейде өткен Әлем чемпионатының финалына дейін жетті. Футболшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік жартылай қорғаушы атағын да иеленді.

Өткен маусымның үздік қақпашысы атағына Кейлор Навас, үздік қорғаушы марапатына Серхио Рамос ие болды. Ал үздік шабуылшы атағына Криштиану Роналду қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер