Азиада-2018: Командалық ойын түрлерінен Қазақстандықтар қандай нәтиже тіркеді
Джакарта мен Палембангта командалық ойын түрлерінен кезекті жарыс күні аяқталды деп жазады<span> Олимпиада комитетінің ресми сайты.</span>
Баскетболдан (5х5) ерлер командасы қатарынан екі рет жеңіліске ұшырады. Бұл жолы біздің команданы қытайлықтар ойсырата ұтты. Есеп – 66:83.
Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер командасы жарыс қожайыны Индонезияға 2:1 есебімен жол берді.
Гандболшы қыздар да қатарынан екі рет жеңіліп қалды. Бүгін Оңтүстік Корея құрамасынан 22:34 есебімен ұтылып қалды.
Тек волейболдан әйелдер командасы жанкүйерін жеңіспен қуантып, Үндістанды 3:0 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или