«Астана» БК америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды
«Астана» баскетбол клубының басшылығы америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» клубының ресми сайтына сілтеме жасап.
<span> 26 жастағы ойыншымен келісімшарт бір жылға жасалған. О'Брайен – Сан-Диего университеті командасының шәкірті. </span>
<span>Даму лигасында өнер көрсетіп, «Юта Джазбен» келісімшартқа отырды. Солт-Лейк-Сити командасы сапында ол тек өңірлік чемпионатта екі ойын ғана өткізіп, ұпай жинай алмады. </span>
<span> Өткен маусымда ол Даму лигасында «Аква Калиенте Клипперс» – «Лос-Анджелес Клипперс» фарм-клубының намысын қорғады. Онда оның нәтижесі 15,9 ұпайға тең болды. </span>
<span>Айта кетейік, «Астана» клубы ВТБ Біріңғай лигасында 10-орында тұр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или