Қазақстанның ММА құрамасы Азия чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды
Қытайдың Харбин қаласында ММА бойынша Азия чемпионатында қазақстандықтар үш алтын, бес күміс, бір қола медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан ММА федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұржамал Садықова (52 кг), Аслан Ораз (70 кг) және Нұрнияз Көшбаевтар (+93кг) алтын медальды иеленсе, Ақбөбек Ерғалиева (61кг), Талғат Жұмағалиев (56.7кг), Дастан Амангелді (61.2кг), Нұрбек Қабдрахманов (65.8кг) және Мұрат Әбдірахманов (93кг) күмісті еншіледі. Думан Балмұханов (84 кг) қоланы қанағат тұтты.
Осылайша, қазақстандықтар жалпы есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын Қытайға, үшінші орын Қырғызстан спортшыларына бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или