Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Франция-Бельгия: Жұлдыздар шайқасында кімнің жолы болады

Франция-Бельгия: Жұлдыздар шайқасында кімнің жолы болады
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде жалауын көтерген Әлем біріншілігі жанкүйер қауымның жанарын жаулап алғаны сөзсіз.

Ғаламдық доданың топтық кезеңі аяқталып, плей-кезеңінің көрігі қызып жатыр. Анығын айтқанда Әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Алда бар болғаны төрт матч ғана қалды.

Биыл жартылай финалға тек еуропалық құрамалар жолдама алды. Сөйтіп, Әлем чемпионаты Еуропа біріншілігіне айналып кеткендей болды. Енді қарт құрлықтың төрт мықтысы ақтық сынға берілер екі жолдамаға таласады.

Бұл сынды бүгін Франция мен Бельгия футболшылары бастағалы отыр. Қос құрама биылғы чемпионаттың көркі болған командалар. Гол соғу мен жойқын шабуылдың озық үлгісін көрсетіп келе жатқан қос ұжым бүгін де бір қызықтың бетін ашары сөзсіз.

Болжам: Екеуі де соғады: иә - 1.88 коэфицент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер