Әлем футболы

Игнашевич мансабын аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Ресей құрамасының қорғаушысы Сергей Игнашевич өз командасы әлем чемпионатынан ұшып кеткен соң спорттағы мансабын аяқтады.

38 жастағы ойыншы Ресей құрамасында 127 матч өткізіп, 7 гол соққан. Құрамамен бірге футболшы 2008 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.

2004 жылы Игнашевич ЦСКА жейдесін киген. 14 жылдың ішінде клубта ол 381 матч өткізіп, 35 гол соқты. Игнашевич мәскеулік клубпен бірге 18 жүлде ұтып алды: 5 чемпиондық, 6 Ресей Кубогы мен 6 Суперкубогы, сонымен қатар, УЕФА Кубогы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер