Әлем футболы

Букмекерлер: Әлем чемпионатының ендігі фавориті кім

news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталар сәт жақындап келеді, деп жазады prosports.kz сайты.

Кеше жартылай финалға шыққан алғашқы екі құрама анықталды. Ширек финалда Неймар бастаған Бразилия құрамасы еліне қайтты. Бұған 1/8 финалдан аса алмаған Испания, Португалия, Аргентина құрамаларын, топтан шыға алмаған Германия құрамасын қоссақ, чемпионат фавориттерінің қатары селдіреп қалғанын байқаймыз.

Осы орайда, букмекерлік кеңселер әлем чемпионы атануы мүмкін құрамалардың жаңа мүмкіндігін жариялады. Бұл тізімде Франция құрамасы көш бастап тұр. Француздар топ жарады дегенге 3 коэфицент көрсеткішімен бәс қабылдануда. Тізімде одан кейінгі орындарда Бельгия - 3.6, Англия - 5, Хорватия - 6.5, Ресей - 18, Швеция - 22 (коэфицент) құрамалары тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер