русский язык
Бокс

Фируза Шарипованың жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты жарияланды

Фируза Шарипованың жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты жарияланды

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты жария болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Allfight.ru порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы қыз испаниялық былғары қолғап шебері Мириам Гутьерреспен кездеседі. Жекпе-жек 4 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы M-1 аренасында өтеді. Бұл туралы Шарипованың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

«Біз M-1 аренаны таңдадық. Жекпе-жеккке арналған жаңа спорт алаңы талаптарға толық жауап береді. Біз трибунадағы жанкүйерлер, сонымен қатар телекөрермендер үшін үлкен шоу жасауға тырысудамыз.

Жекпе-жектің трансляциясына әлемнің түкпір-түкпірінен өтініш түсіп жатыр. Бокс кеші 100-ден аса елде тікелей эфирде көрсетіледі. Фируза - әлемга танымал. оның шайқасын барлығы күтуде», - деді Шарипованың менеджері.

Фирузаның қарсыласы - М. Гутьеррес Испания чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері. Кәсіби бокс алаңында 7 рет жұдырықтасқан. Жеті жекпе-жекте де жеңіс тұғырына көтерілген. Оның 3-уінде қарсыласын уақытына жетпей тізе бүктірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;